Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әділ шешім! Зейнетақы қорындағы қаражат…”: Нартай Аралбайұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

16:16, 15 шілде 2026

Мәжілістің VIII шақырылым депутаты Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Нартай Аралбайұлы зейнетақы жүйесіне маңызды өзгеріс енгізілгенін айтты. Енді қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатының 100 пайызын инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға сеніп тапсыра алады.

“Халық зейнетақы қорындағы қаражатын 100% өзі басқаратын болды!

Қазір ай сайын айлығымыздан аударатын 10% зейнетақы жинағымызды Ұлттық банк басқарады. Олар ақшаны мемлекеттік жобаларға, Қаржы министрлігінің құнды қағаздарына салады, яки инвестициялайды. Одан түсетін табыс төмендеу. Ал басқарушы компаниялар бәсекелістік ортада қаражатыңызды табысы әлдеқайда көбірек бағыттарға салып, молайтып беруі мүмкін. Бұл норманы әріптесім Асхат Қанатұлы екеуміз бірге ұсындық. 

Енді зейнетақы жинағыңыздың 100%-ын кімге сеніп тапсыратыныңызды тек өзіңіз шешесіз. Ол үшін арнайы өтініш жазып, қаражатыңызды басқаратын және оны инвестициялайтын ұйымды өзіңіз таңдайсыз. Сәйкесінше табыс та көбейеді. 

Басты мәселе: бұл міндетті емес, қаласаңыз ғана зейнетақы қорындағы қаражатыңызды басқарушы компанияға бересіз. Тіпті жинақты бірнеше бөлікке бөлсеңізде болады.

Басты сұрақ: ақшамнан айрылып қалмаймын ба? Қаражатым күйіп кетпей ме?

Заңға сәйкес басқарушы компаниялар сіз аударған негізгі сомаңыздың ешқайда жоғалмауына толық кепілдік береді. Бұл жұмысты және басқарушы компаниялардың қызметін Ұлттық банк пен мемлекет қатаң қадағалайды!”,- деп жазды Нартай Аралбайұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар