Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытай Ресей жеріне көз аларта бастады

14:04, 30 тамыз 2023 276
Қытай билігі 2023 жылы шығарған география картасында Амурдағы Үлкен Уссурий аралын өз аумағы деп көрсеткен. Бұл жөнінде РБК сайты жазды. Қытай мен Ресей (СССР) 1964 жылдан бері осы аймаққа таласып келген.

2008 жылы Мәскеу мен Пекин келісім жасасып, арал екіге бөлінген. Сол кезде сарапшылар бұл келісім Мәскеудің Қытаймен тұрақты қарым-қатынасты нығайтқысы келетіндігінен хабар береді деп айтқан.

Қытайдың ресми картасында арал Қытай территориясының шығыс жағындағы ең шеткі нүкте ретінде көрсетілген. Түсіндірме жазбасында "карта Қытай мен әлемнің өзге елдерінің шекарасын белгілеу бойынша ұлттық стандартқа сәйкес әзірленген" деп жазылған.

Үлкен Уссурий аралынан бөлек, Қытай Үндістанның Аруначал-Прадеш штаты мен шекаралас Аксайшың ауданын өз аумағы деп белгілеген. Үндістан сыртқы ісер министрлігі Пекинге наразылық нотасын жіберген. Мәскеу әзірге картаға реакция білдірмеді.

Бұл ресми карта жинағы медиа материалдарда, жаңалықтар мен кітаптарда, жарнамаларда пайдаланылады. Карталар сонымен бірге негізгі анықтама ақпарат ретінде қолданылуы мүмкін.

  • Үлкен Уссурий аралының аумағы шамамен 340 шаршы шақырым. Ол Хабаровскіге жақын және Уссурий өзенінің сағасына қарсы Амур алқабында орналасқан. Қытай мен Ресей арасында аралға талас 1800-жылдары басталған. Ал 1920–1930 жылдары совет әскері оған "қарауылдарын қойған".

  • Совет одағы құлағаннан кейін 1991 жылы Ресей құрамында қалды. Қытай 1964 жылдан бері аралды даулаған, алайда 2008 жылғы келісімнен кейін аралдың кімге тиесілі екені ресми түрде айтылмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар