Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қуанышты бөліссең, көбейеді. Сүйінші жаңалық!»: Динара Сәтжан отбасындағы қуанышты хабарды жария етті (ВИДЕО)

17:50, 11 шілде 2026

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан отбасындағы үлкен қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Динара Сәтжан ұлы Даниалдың қалыңдығына сырға салып, құдалардың ақ батасын алғанын сүйіншіледі.

Тележүргізуші өз сөзінде сырға салу рәсімінің қазақ халқы үшін мәні терең, тағылымы мол және жаңа отбасының іргетасын қалаудағы ең маңызды салт-дәстүрлердің бірі екеніне тоқталып өтті. Сондай-ақ қос тарап өзара жүздесіп, үлкендердің ақ батасын алған. Қазіргі уақытта Динара Сәтжан ұлының алдағы үлкен тойына дайындық жұмыстарының басталып кеткенін айтып, отбасылық бұл қуанышты ерекше толқыныспен әрі үлкен ықыласпен күтіп жүргенін жеткізді.

Қуанышты бөліссең, көбейеді деген сөз бар қазақта. Менің де сіздерге айтар сүйінші жаңалығым бар. Бүгін болашақ келінімізге сырға салдық.

Мен Айнұрды 4 жылдан бері танимын. Даниал әскерге кеткенде, Айнұр екеуіміз бірге барып жүрдік.

Сол кезде ұлымның жар таңдауда қателеспегеніне риза болдым.

Айнұр тек сүйіп қосылған жары ғана емес, ұлымның артындағы сенімді тыл болатынына көзім жетті.

Сырға салу - ең әдемі, тағылымға толы дәстүр.

Тіпті, жұбайлық өмірдің алғашқы баспалдағы десек те болады.

Ең бастысы - құдалардың алдынан өттік, батасын алдық.

Алда ұлымның үлкен тойы.

Қалай болар екен деп уайымдап та қоямын. Қасымда ақылшы, жанашыр қос мамам, жөн-жоралғыны жақсы білетін қайын әпкелерім, жаныма тірек болатын жарым бар. Сондықтан тойдың дайындығын да ерекше ықыласпен бастап кеттік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар