Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Енді мен еркінмін... Мен үшін жаңа кезең басталды»: Бақытжан Базарбек мәлімдеме жасады

09:39, 11 шілде 2026

Құрылтайға ұсынылған партиялық тізімге енбеген бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде арнайы мәлімдеме жасап, депутаттық қызметі кезінде өзіне қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Депутат өзінің Парламент қабырғасында өткізген уақытын қорытындылап, халық алдындағы еңбегі мен алдағы жоспарлары туралы ойымен бөліскен.

Өзінің өткен қызметі мен алдағы жаңа жоспарлары туралы Бақытжан Базарбек былай деп жазды:

«Парламенттегі үш жарым жылдық қызметімде еліме және халқыма адал әрі принципшіл түрде қызмет етуге бар күш-жігерімді салдым. Бетке ұстар Парламент депутатына айналдым. Егер осы жолда халықтың сенімі мен құрметіне ие бола алсам, онда бұл еңбегімнің зая кетпегені. Енді мен еркінмін және мен үшін жаңа кезең басталады. Бір есік жабылса, екіншісі ашылады. Өмірдегі әрбір кезең – жолдың соңы емес, жаңа белесі. Маған сенім артқан, қолдау білдірген және әрдайым жанымнан табылған баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз маған әрдайым күш-қуат берді. Рақмет!»

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар