АҚШ билігі Ираннан Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге шабуыл жасауды ашық түрде тоқтатуды және халықаралық кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп, Иранға 24 сағат уақыт берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Axios басылымының журналисі Барак Равидтің жоғары лауазымды америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлауынша, Вашингтон бұл мәлімдемені Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мен Оман СІМ басшысы Бадр Аль-Бусаидидің Маскат қаласында өтетін кездесуінен кейін күтеді. Кездесу 11 шілдеде өтуі тиіс. Инсайдерлердің айтуынша, Америка тарапы Тегеранның өз әрекеттерін ресми түрде мойындағанын қалайды.
«Біз олардың кемелерді атқылауды тоқтататынын ашық мәлімдеуін және бәрін бүлдіргендерін тікелей немесе ең құрығанда жанама түрде мойындауын қалаймыз», — деп мәлімдеді америкалық шенеунік.
АҚШ әкімшілігі бұл талаптар орындалмаса, Иран үшін салдардың ауыр болатынын ескертті. Осы текетірес аясында АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранға сес көрсетіп, шұғыл мәлімдеме жасады. Ақ үй басшысы өзіне қастандық жасалған жағдайда қолданылатын мың зымыранды жауынгерлік дайындыққа келтіру туралы бұйрық бергенін жеткізді.
«Мың зымыран толық жауынгерлік дайындыққа келтіріліп, Иран Ислам Республикасына бағытталды. Егер Иран үкіметі әлемнің түкпір-түкпірінде жариялаған. Қазіргі Президентке қастандық жасау немесе қастандық жасауға әрекеттену туралы қоқан-лоқысын іске асырса, олардың артынан дереу тағы мыңдаған зымыран ұшады. Бұл жағдайда қастандық маған бағытталады. Америкалық әскерилер бір жыл ішінде Иранның барлық аймағын жойып жіберуге дайын және оған қауқарлы», — деп жазды Дональд Трамп.