Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өзінің қалауымен емес, халықтың қалауымен барғанын талап етемін»: Мейірман Шекеев өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

11:50, 11 шілде 2026

Қазақстан Халық партиясының мүшесі, бұрынғы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова танымал тележүргізуші Аша Матай мен заңгер Мейірман Шекеев арасындағы мәселеге байланысты Аша Матайдың атынан ресми түрде жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Заңгер Смирнованың видеоүндеуіне қатысты өз пікірін білдірді:

Аша Матай тарапы тез жауап берді!

Аша Матайдың тікелей өзі жауап беруіне “менің подписчиктерімнің ол үшін аздығы себеп болдыма білмеймін, ол жаапты сол партияның мүшесі, бұрынғы мәжіліс депутаты Ирина Смирнова арқылы ойын жеткізген тәрізді.

Құрметті достар, қазіргі таңда адамның біліктілігі оның парақшасына тіркелген адамның санымен өлшенетін болып жатқан заман ғой. Осы бейнені көбірек таратып маған көп оқырманның тіркелуіне себепкер болыңыздаршы. Сол кезде менімен Аша Матай сөйлесетін шығар!

Видеода Мейірман Шекеев Аша Матайды ашық пікір сайысқа шақырды: 

Егер, Ирина Смирнова ҚР «Тіл туралы» заңының 4-бабында белгіленген «Мемлекеттік тілді меңгеру - ҚР әрбір азаматының парызы» деген парызын орындаған болса, онда мені мүмкін түсінер еді. Аша Матайдың депутат болуға құқы жоқ дегенім жоқ! Халық кәсіби депутаттарды көргісі келеді. Аша Матайдың өзінің қалауымен емем, халықтың қалауымен барғанын талап етемін! Халықтың көзін толықтай жеткізу үшін, тікелей ашық пікір сайысқа шақырамын!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар