Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сенімдімін… Прокуратурадан жұмыстан шықтым»: Айжан Аймағанова ресми мәлімдеме жасады

17:40, 11 шілде 2026

Әлеуметтік желіде «Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидат болып ұсынылуы қызу талқыланған мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова заң талаптарына сай прокуратура органдарындағы қызметінен өз еркімен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Атышулы «Бишімбаев ісінің» сот талқылауында елдің көзайымына айналған прокурор ресми түсініктеме берді:

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде менің «Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидат болып ұсынылғаным туралы ақпарат қызу түрде талқылануда.

Осы жағдайға байланысты өз атымнан түсініктеме беруді жөн көрдім.

Мен ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында заңға, мемлекетке қызмет етіп, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жұмыс істедім.

Кандидат болып ұсынылуыма байланысты мен прокуратурадан жұмыстан шықтым.

Бұл - заңның талабы, мен оны толық орындадым.

Бұл шешімді мен саналы түрде қабылдадым.

Менің кәсіби тәжірибем мен білімім заң шығару қызметінде, сондай-ақ азаматтарымызды толғандыратын мәселелерді шешуде пайдалы бола алатынына сенімдімін.

Қолдау мен ықыластарыңыз және сұрақтарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын.

Бұл мен үшін өте маңызды.

Алда атқарылар жұмыс көп, мен ашық диалогқа дайынмын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар