Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қонақ үйге апарған: Мұғалім 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен (ВИДЕО)

12:30, 14 мамыр 2025 1108

Мұғалім 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ALASH.KZ Stan.kz сайтына сілтеп. 

Оқиға Алматы облысында болған. Ер адам домбыра үйірмесінің ұстазы. Ол жасөспірім қызбен қонақүй бөлмесіне кірген сәтте ұсталған. 

Оның "У Розы" қонақүйіне кіріп бара жатқан сәті бейнебақылау камерасына түскен. Кадрлардан ер адамның қызметкермен сөйлесіп, қызды ертіп, ішке кіріп кеткенін көруге болады. 

Полиция күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізген. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар