Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қойды бауыздағандай…": Алматыда актер әйелін өлтіріп, адам сенгісіз қылмысқа барған (ВИДЕО)

17:23, 04 желтоқсан 2025

Заңгер Арман Шәріпов күйеубаласы, актер Мұхитдин Шынтаевтың қолынан қаза тапқан қарындасы, актриса Гауhар Шәріпованың өлімі туралы сұмдық деректі бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Өзімнің туған қарындасым зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Осыдан он жыл бұрын қарындасым ТЮЗ театрында жұмыс істеді. Күйеу балам Мұхит қызғаншақ еді. Сол қызғаныштың кесірінен үйде күнде ұрыс болатын. Қарындасым жасыратын, бірақ сезетін, себебі күйеуі көк ала қойдай қылып ұрып тастайтын. Маған көрсетпейтін, бірақ өзім сезіп, бірнеше мәрте барып, күйеу баламмен де, қарындасыммен де сөйлескенмін. 

Сонда Гауһарым “әке-шешем білмесін, көршілерім білмесін, ұжымым, театрым бар, білсе не болады, ұят болады” деп жылдар бойы таяқ жеп жүрді. Ол кезде заң ондай қатал емес еді. Бірақ біз шағымдандық. Арыз жаздық. Мен талап еттім. Өзім қарындасымның құқығын қорғаймын деп арыздандым. Бірақ өкінішке қарай, сотқа жетпей жатып екеуі өзара шешіп, қылмыс қысқартылған болатын.

Артынша бұл жағдай бір айдан кейін қайталанды. ТЮЗ театрының жертөлесі сияқты кішкентай бөлмеде бауыздап тастады. Кішкентай бөлмегі барлық жер қан еді. Қойды бауыздағандай бауыздап тастаған. Қазіргі заң сол кездері болғанда, мүмкін қарындасым тірі болар ма еді… Бірақ өкінішке қарай, заңның жоқтығына, заңның әлсіздігіне, күйеу баламның сондай опасыз іс-әрекетінен мен зардап шегіп отырмын. Қарындасым қайтыс болды», - деді заңгер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар