Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қылмыстық кодекстің бір бабымен адамды соттап отырмыз, ал екінші бабымен қорғап отырмыз.

16:16, 13 наурыз 2024 368

Мәжілістің жалпы отырысында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және  Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасы қаралды.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов заң жобасы бойынша бірқатар сұрақ қойды, деп хабарлайды alash.kz сайты.

"Осы заңның аясында 429-бапқа қатысты ұсыныс беріп отырмыз. Өзіңіз білетіндей, бұл бапты "қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкерімен және оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамдарға күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу" дейді.  Бұл қалай? Сонда біз Қылмыстық кодекстің бір бабымен адамды соттап отырмыз, ал екінші бабымен қорғап отырмыз. Бұл неге жол ашып отыр? Мекеме әкімшілігімен келісімге барып алып, басқа сотталушыларға зорлық-зомбылық көрсетіп отырған фактілер жетерлік. Осы орайда, біз "сондай-ақ сотталған адамға қатысты" деген жерін алып тастауды сұрап отырмыз", - деді депутат.

Халық қалаулысы осы мәселеде Әділет министрінің пікірін сұрады.

"Екінші сұрағым бүгінгі заңға қатысты болмаса да, айтатын басқа жерім жоқ. Сондықтан айтуға мәжбүрмін. Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура және жоғарғы соттың өкілдеріне біздің Президенттің халыққа үміт берген бір сөзі "Әділетті Қазақстан" деген сөзі еді. Қазір Қазақстанда кез келген адамды көшеден алып кете салып, қамай алатын Ішкі істер министрлігі бар. Оған жоқ жерден айып тағатын Прокуратура бар. Шешім шығара салатын Сот бар. Осы Әділетті Қазақстанды орнатуды қашанға жоспарлап отырсыздар?", - деді Ринат Зайытов.

Өз кезегінде Әділет министрі Азамат Есқараев бұл мәселе қосымша жауап беруге дайын екенін жеткізіп, қысқа қайырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар