Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанға көмек көрсеткен Қырғызстанның үш облысында төтенше жағдай жарияланды

10:20, 24 сәуір 2024 495

Қырғызстанның Ош облысында төтенше жағдай жарияланды. Сел салдарынан бір отбасының қаза тапқаны айтылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Қырғызстанның үш облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы брифингте ТЖМ басшысының орынбасары Урматбек Шамырқанов мәлімдеді. Оның айтуынша, ТЖМ басшысы Болотбек Еркеев құтқарушылармен бірге қазіргі уақытта елдің оңтүстігінде жүр.

Қырғызстанның бірнеше аймағында сел жүріп жатыр. ТЖМ мәліметтері бойынша, үш күн ішінде Қырғызстанда 40-тан астам сел ағыны тіркелген. 20 сәуірден бастап үздіксіз жаңбыр жауып,Ош, Баткен, Жалал-Абад және Талас облыстарындағы ондаған елді-мекендерге зардабын тигізген. Ош облысында 171 алқап,Жалал-Абад облысында-122, Талас облысында - 202 тұрғын үй және аула су астында қалған.

Ал бір ауылда селге қарсы бөгетті су бұзып кеткен. «Курсив» порталының хабарлауынша, елдегі тас жолдардың бірінде көлікпен келе жатқан бір отбасы қаза тапқан.

Жергілікті синоптиктер апта бойы жаңбыр жауатынын хабарланды. 

Естеріңізде болса, біз Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде «Жәрдем керуені» атты гуманитарлық жүктің екінші партиясын жөнелткенін жазғанбыз.

Екінші гуманитарлық жүк Қырғызстанда өндірілген сүт өнімдерінен құралған еді. Атап айтқанда,10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май мен өсімдік майы, 20 тонна голланд ірімшігі, 80 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт.

«Жүк қырғыз халқының күшімен жиналды, Президенттің резервтік қорынан қосымша қаражат бөлінді» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Мұнымен қоса, сәуір айының басында Жамбыл облысына Қырғызстаннан алғашқы гуманитарлық жүк – 300 тонна жүк тиеген 15 жүк көлігі келді. Жүк Қазақстанның төрт облысына бөлінді.

Дастан Қастай

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар