Маңғыстаулық Раббим Борашев 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына велосипедпен жету үшін жолға шықты, - деп хабарлайды Маңғыстау облысының "Қоғамдық коммуникация орталығы.
Раббим Борашев - Бейнеу ауданының тумасы, ол 64 жаста. Ол зейнет жасына дейін құрылыс саласында қызмет еткен. Соңғы жылдары велосипед тебуге қызығушылығы оянып, бірнеше велошеруде бақ сынады.