Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақстан – біз үшін қарқынды дамып келе жатқан өте маңызды ел»: Бельгия Королі Тоқаевқа ризашылығын білдірді

14:50, 12 қазан 2026

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың хабарлауынша, келіссөз барысында Президент Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашатын тарихи уақиға екенін атап өтті.

Король Филипп пен Патшайым Матильда қонақжайлығы және сый-құрметі үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді. 

Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарына және халықаралық аренадағы биік абырой-беделіне арнайы тоқталды.

– Қазақстан – біз үшін қарқынды дамып келе жатқан өте маңызды ел. Жалпы, Бельгия тұтас Орталық Азия өңіріне айрықша қызығушылықпен қарайды. Бұл өңірдің мәні зор. Менімен бірге үлкен делегация келді. Әлбетте, біз бір-бірімізді өте жақсы білеміз. Елдеріміз 35 жыл ішінде жақсы қарым-қатынас орнатты. Біз осы тарихи межені бірге атап өтуге ниеттіміз. Сонымен қатар ынтымақтастығымызды жаңа сапалы деңгейге көтеретінімізге сенімдімін. Менімен бірге келген делегация құрамына келешекке бағдарланған түрлі саланың өкілдері кірді. Президент мырза, бізбен бірге жүру үшін жұмыс кестеңізді өзгерткеніңізді білемін. Осы ықыласыңызға тәнтіміз. Сондықтан алтын уақытыңызды бөліп, құрмет көрсеткеніңізді жоғары бағалаймыз, – деді Бельгиялықтар Королі Филипп. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар