Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Теміртау қаласы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс: Қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

15:00, 12 қазан 2026

Ерлан Гомаров Теміртау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Теміртау қаласы әкімінің 2026 жылғы 5 қазандағы өкіміне сәйкес, ішкі ауыстыру тәртібімен Гомаров Ерлан Гомарұлы қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ерлан Гомарұлы 1990 жылғы 23 наурызда Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген.

2011 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдап, құқық бакалавры дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2012 жылы Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімінде бастаған. Әр жылдары жер қатынастары бөлімінде және Теміртау қаласы әкімінің аппаратында жұмыс істеп, бас маман, бас маман-заңгер және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2021–2025 жылдары Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімін басқарды. 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы қазанға дейін Теміртау қаласы әкімінің аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2026 жылғы 5 қазаннан бастап Теміртау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне кірісті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар