Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Бақыт тілеңіздер!»: Дариға Бадықова тұрмыс құруы туралы мәлімдеме жасады

09:16, 12 қазан 2026

Белгілі актер Олжас Абайға тұрмысқа шыққан танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі оқырмандарына арнайы жазба жариялап, өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі желідегі қызу пікірталастар мен түрлі көзқарастарға қатысты өз ұстанымын ашық айтып, көпшілікті біреудің жеке өміріне қол сұқпауға шақырды. Актрисаның айтуынша, әркім өз пешенесіне жазылған жолымен жүреді.

Өнер иесі көпшілікке қарарата: «Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған», – деп атап өтті.

Сондай-ақ ол ешкімге есеп беруге міндетті еместігін баса айтып, оқырмандарынан тек қана жақсы тілек тілеуді өтінді.

«Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», – деп түйіндеді сөзін Дариға Бадықова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар