Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын»: Бельгия королі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

22:35, 11 қазан 2026

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды. 

Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Король мен Патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі нығайту тұрғысынан тарихи мәнге ие екеніне назар аударды. 

– Қазақстанға қош келдіңіздер. Сапарларыңыз мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы, еліміз өркендеп, экономикасы ілгерілеп келеді. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп айтуға болады, – деді Президент.

Король Филипп қонақжайлық көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі жоғары деңгейде өтетін келіссөздер табысты болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ екі елдің сан қырлы серіктестігін тереңдетудің маңызын атап өтті. 

– Ұшақ трапынан қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін, – деді Король Филипп. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар