ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Qazaqstan ұлттық арнасының «Бас тақырып» бағдарламасындағы сұқбатында оқушыларға фундаментальді пәндер бойынша білім берудің маңыздылығын, пәндерді біріктіріп оқытудың не үшін тоқтатылғаны және жалпы білім беру стандартын қайта қарау жөніндегі шешімі туралы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Жалпы, мектеп жасында балалар фундаменталды пәндерден өздерінің толыққанды білім негіздерін қалыптастырады. Аталған білім негіздері баланың алдағы уақытта мамандық таңдауына әсер етеді. Тіпті гуманитарлық салаға барған күннің өзінде де жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер баланың санасының дамуына, қоғамдағы барлық құбылысты терең зерделей білуіне негіз болады.
Сондықтан педагог ретінде, білім саласының маманы ретінде мен бұл реформаға басынан бастап қарсылық білдірген болатынмын. Қазір аталған реформа тоқтатылды. Бұл пәндер біріктірілмейтін болды», – деді Жұлдыз Сүлейменова.