Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қаңтардағы Иран". Ирандағы жаппай наразылық кезінде 6 адам қаза тапты

18:00, 03 қаңтар 2026

Иранда ұлттық валютаның құнсыздануы мен қымбатшылыққа қарсы наразылық акциялары бесінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Қауіпсіздік күштерімен қақтығыстар кезінде кемінде алты адам қаза тапқан, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қаза тапқандардың дерегі:

  • Лордеган қаласы – 2 адам,

  • Лорестан провинциясы, Азна қаласы – 3 адам,

  • Кухдаште қаласы – 1 адам.

Әлеуметтік желілерде наразылық кезінде өртенген көліктер мен өрт көріністері көрсетілген бейнематериалдар тарауда. Наразылыққа шыққандар қазіргі билікке қарсы ұрандар айтып, кейде елдің жоғарғы көшбасшысының отставкасын талап етіп отыр.

Hengaw құқық қорғау тобы Лордеганда қаза тапқан екі адамның наразылық білдірушілер екенін хабарлады. Иран билігі ресми түсініктеме берген жоқ.

Еске сала кетейік, жаңа жыл түні демонстранттар Ченар қаласында «Басидж» әскерилендірілген құрылымының тірек пунктін өртеп жіберген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар