Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ислам халифаты" жетекшісінің көзін жойған жасақ". Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын кім ұстағаны хабарланды

15:09, 03 қаңтар 2026

Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті АҚШ армиясының элиталық арнайы операциялар бөлімшесі, яғни Delta Force жасағы ұстаған, деп хабарлайды Alash.kz. 

CBS News мәліметінше, аталған бөлімше 2019 жылы Сирияда жүргізілген арнайы операцияға қатысып, сол кезде «Ислам халифаты» террористік ұйымының жетекшісі Абу Бакр әл-Багдадидің көзін жоюға қатысқан.

The New York Times басылымының жазуынша, АҚШ өкілі Венесуэла тарапынан болған ықтимал шығындарға қатысты пікір білдіруден бас тартқан. Алайда ол операция барысында америкалық әскери қызметкерлердің зардап шекпегенін мәлімдеген.

Қазіргі уақытта Венесуэла билігі бұл ақпаратқа ресми түсініктеме берген жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен халықаралық реакциясы нақтыланып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар