Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ғалымдар шұғыл мәлімдеме жасады: 2026 жылдың алғашқы қатері туралы ескертті

14:52, 03 қаңтар 2026

2026 жылғы алғашқы магнит дауылы 2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні болуы мүмкін. Бұл туралы ИКИ РАН Күн астрономиясы зертханасының мәліметінде айтылды, деп жазды Alash.kz. 

Ғалымдардың дерегінше, 31 желтоқсанда Күнде M7.1 деңгейіндегі қуатты жарқыл тіркелген. Ол күн массасының шығарылуымен қатар жүрген, ал оның бір бөлігі Жер бағытына қарай бағытталған.

Мамандардың есептеуінше, дәл осы құбылыс 2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні жылдың алғашқы айқын магнит дауылына себеп болуы мүмкін.

«Алдын ала болжам бойынша, магнит дауылының деңгейі G2-ге дейін жетуі ықтимал, яғни бұл орташа деңгейдегі геомагниттік құбылыс саналады. Ал G3 және одан да жоғары деңгейдегі күшті дауылдың болу ықтималдығы шамамен 30 пайыз», – делінген зертхана хабарламасында.

Жалпы алғанда, қаңтардың алғашқы күндеріне арналған геомагниттік жағдай әзірге қолайлы деп бағаланып отыр. Алайда болжамға жаңа қуатты күн жарқылдары елеулі әсер етуі мүмкін екенін ғалымдар ескертеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар