Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Дәрігерге көрінеміз деп жоғалған”. Шұғыл! Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы жайлы тың дерек шықты

13:29, 03 қаңтар 2026

Атырау облысының Жангелді ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып, ауыл тұрғындарын алаңдатуда. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады, деп жазды Alash.kz.

Мәліметке сәйкес, отбасының жоғалуы биылғы қазан айында тіркелген. Алдымен жасы 30-дан асқан ұлдарының «Ақтауға жұмысқа кеттім» дегеннен кейін хабар-ошарсыз кеткені белгілі болды. Арада бірнеше ай өткен соң, қазан айында бүкіл отбасы «дәрігерге көрінеміз» деп үйден шығып, содан бері еш хабар болмаған.

Журналистің жазуынша, жоғалғандардың барған жері, тоқтаған нүктесі, оларды көрген куәгерлер немесе байланыс деректері жоқ. Отбасы мүшелерінің таксиге, пойызға немесе ұшаққа мінгені тіркелмеген, жаяу жүргендерін көрген адам да табылмаған.

Ең алаңдатарлығы — отбасы мүшелерінің бірі, қызы Мирагүл 3-топтағы мүгедек екені айтылады. Сондай-ақ олардың жеке құжаттары мен ЖСН-дері ешбір ресми дерекқорда тіркелмегені белгілі болған.

Гүлмира Әбіқай бұл жағдайға тек полиция ғана емес, ұлттық қауіпсіздік органдары да назар аударуы керек деп есептейді. Оның айтуынша, бұған дейін осы өңірден Сирияға кеткендер болған, мұндайда алдымен бір адам кетіп, кейін отбасы мүшелерін шақырып алатын жағдайлар кездескен.

«Бүкіл отбасының із-түссіз жоғалғаны жөнінде полицияға қараша айының басында арыз түскен. Алайда екі ай өтсе де, нақты ақпарат жоқ. Егер жер жұтып кетпесе, оларды көрген-білген бір адам табылар еді», — деп жазды журналист.

Қазіргі уақытта отбасының қайда екені белгісіз, ал жұртшылық олардың тағдырына алаңдап отыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар