Теміртауда ер адам көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі шыршаны өртеп жіберген. Полиция күдіктіні бірден қолға түсірді, деп жазды Alash.kz.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға болған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан ер адамның шыршаға әдейілеп жақындап, өрт қойғанын көруге болады. Мәліметке сәйкес, өрт жедел түрде сөндірілген, зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.
“Теміртау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде жаңажылдық безендірулерді әдейі бүлдіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды”, – делінген хабарламада.