Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Бар қазаққа белгілі журналист-жазушы 77 жасында өмірден озды (ФОТО)

11:53, 15 қазан 2026

Қазақстанның әдебиеті мен баспасөз саласына елеулі үлес қосқан жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүриддин Шәмшіұлы о дүниелік болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы ресми түрде жеткізді.

Қаламгер 1949 жылы 8 сәуірде Түркістан облысының Ордабасы ауданында дүниеге келген. Ол 1966 жылы Темірлан ауылындағы Амангелді атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түскен. Аталған жоғары оқу орнын 1970 жылы сәтті аяқтаған.

Нүриддин Шәмшіұлы ұзақ жылдар бойы «Ордабасы оттары» газетінің редакторы қызметін атқарып, ауданның қоғамдық, рухани және мәдени тыныс-тіршілігіне қатысты салмақты мақалалар жазды. Сол арқылы туған өңірінің өркендеп, дамуына өзіндік өшпес үлесін қосты.

Өнімді еңбегі мен ұстаздық-қаламгерлік жолында ол бірқатар жоғары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі атанып, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 және 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальдардың, 2021 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері атанды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен нагродаланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар