Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жабылып ұрып, оқ жаудырған»: Полиция Алматы облысындағы оқиға туралы мәлімдеді

16:13, 14 қазан 2026

Алматы облысында бір топ азамат бір адамды соққыға жығып, оның автокөлігіне оқ атқан, деп хабарлайды Alash.kz.

Атышулы оқиға 14 қазанда Іле ауданына қарасты Қосөзен ауылында орын алды. Желіде оқ тиіп, зақымданған көліктің видеосы тарап, үлкен резонанс тудырды. Видео авторының баяндауынша, бірнеше ер адам бір тұрғынға жабылып, соңынан оның көлігін қарумен атқылаған.

Бұл жайтқа байланысты Алматы облысының Полиция департаменті дереу реакция білдіріп, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының қорытындысын баяндап:

«Тергеу нәтижесінде қақтығыстың барлық қатысушысы бірнеше сағат ішінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі», — деп мәлімдеме жасады.

Қазіргі уақытта жанжалдың неден шыққаны мен оқиғаның толық себеп-салдары анықталуда. Күдіктілердің түпкілікті кінәсі сот шешімімен белгіленеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда пәтерден ес-түссіз жатқан ер адамды көтеріп алып кеткен қайғылы оқиға орын алып, полиция адам өліміне қатысы бар төрт күдіктіні ұстаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар