Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президенті Дональд Трамптың Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуі туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
«Біз бұл туралы кеше бірнеше рет айттық. Қосарым жоқ. Бұл мәселеде ешқандай жаңалық жоқ. Біздің ұстанымымыз жақсы белгілі», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу үшін Ресей және Украина президенттерінің бетпе-бет кездесуі қажет екенін айтқан болатын.
Ал Кремль Владимир Зеленский Ресей президентімен кездескісі келсе, Мәскеуге келе алатынын бұған дейін бірнеше рет мәлімдеген.