Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бостандыққа шығуына 20 күн қалған»: Атбасар түрмесіндегі жұмбақ өлңм туралы ақпарат шықты

09:35, 15 қазан 2026

Ақмола облысындағы Атбасар қаласының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Ержұман Арынбек есімді азамат бостандыққа шығуына шамамен 20 күн қалғанда кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Марқұмның жаза мерзімі қазан айының соңында толық аяқталуы тиіс болған. Алайда 9 қазанда оның отбасына Ержұманның өз-өзіне қол жұмсағаны туралы қаралы хабар жеткен. Бұл ақпаратқа мүлде сенбейтін марқұмның жақындары колония әкімшілігінің әрекетіне күмән келтіріп, әлеуметтік желіде арнайы бейнеүндеу жариялады.

Марқұмның қарындасы бастаған туыстары отбасының атынан істің ашық әрі әділ тергелуін және түзеу мекемесінің басшылығы жауапқа тартылуын талап етуде. Олар бостандық есігі сығалап тұрған шақта азаматтың мұндай қадамға баруы мүмкін еместігін алға тартады.

Қазбаланған оқиғаның мән-жайын толық білу үшін редакция тарапынан Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сұрау жолданды. Әзірге құзырлы орнынан ресми жауап түскен жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар