Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Ақмола облысында 68 жастағы азаматтың өлі денесі табылды

15:59, 14 қазан 2026

Ақмола облысының Бұланды ауданында суға батып кеткен балықшының денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға Никольское ауылының маңында орналасқан Жарлықөлде орын алған. 13 қазанда Төтенше жағдайлар департаментіне 1958 жылы туған азаматтың балық аулау кезінде суға батып кеткені туралы дабыл түскен.

Ақпарат түсісімен басталған ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, полиция өкілдері және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Тексеру барысында құтқарушылар алдымен жағадан шамамен 100 метрдей қашықтықта, қамыс арасында иесіз тұрған резеңке қайықты байқаған. Осыдан кейін жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде 14 қазанда таңертең марқұмның денесі судан шығарылды.

Осы қайғылы жағдайға байланысты құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарына тағы да ескерту жасады. Олар балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажеттігін еске салады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар