Бақтияр Серік ҚР Президентінің Іс басқармасы Аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бақтияр Серік 1985 жылғы 21 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесімен аяқтаған.
2003–2007 жылдары – ҚР ІІМ академиясының, Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ-нің Қарағанды заң институтының тыңдаушысы.
2007–2010 жылдары – Астана қаласының ішкі істер органдарында қызмет атқарған.
2010–2012 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің сарапшысы.
2012–2013 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы.
2013–2016 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының көмекшісі.
2016–2017 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының кеңесшісі.
2017 жылы – Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары.
2019 жылы – ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі орынбасары.
2019–2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2022–2024 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары.
2024–2026 жылдары – «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2026 жылғы шілде–қазан айлары – «Қазақстан Республикасы Құрылтайының шаруашылық қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2026 жылғы 14 қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Аппаратының басшысы.