Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар! Бақұл бол! Танымал актер қайғылы хабарды естіртті (ФОТО)

14:33, 08 қазан 2025 0

Актер Бақыт Тушаев 19 жастағы шәкірті Мейірімнің қазасына байланысты ауыр хабар жеткізді, деп жазады Alash.kz.

Белгілі актер Бақыт Тушаев әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің сүйікті шәкірті, небәрі 19 жастағы Мейірімнің қазасына байланысты қаралы хабармен бөлісті.

"Мейірім десе мейірім еді. Тым жас қой құдай оуу, небәрі 19 жаста ғана еді. Ж. Елебеков атындағы Республикалық Эстрада Цирк Колледжінің түлегі, төл шәкіртім алғашқы шәкіртім Мейірімнің қазасын естіп мең зең күйде болып отырмын. Ақ Микошым нәп нәзік талдырмаш келген, адамға тіке қарап сөйлемейтін, өте талантты қыз еді. Алғашқы курссты ақылы оқып екінші курсқа жеткенде өжеттілігімен талантының арқасында көзге түсіп бюджетке ауысты. Сол кезде көзінен жас моншақтап ағатайым сіздің еңбегіңіз деп ерекше қуанып еді..." – деп жазды ол.

Актер Мейірімнің ерекше қабілетін, сахнадағы жарқын бейнесін еске алып, оның армандаған үлкен театр сахнасына шығып үлгермегеніне өкініш білдірді.

"Қандай тапсырма берсең соның барлығын тез қағып алатын, қағылездігі де бар, жай кездері ұяң болып отырса да сахнаға шыққанда алаулап тұратын, ішкі әлемі бай әр бір сөзін ойланып сөйлейтін қызым едің. Өзің армандаған үлкен театр сахнасы бұйырмай кетті -ау маңдайыңа. Құдайдың жазуы осы шығар. Аталатсаң аталат боталатпа деген. Қазаңды ауыр қабылдадым алтын қызым. Көлік апаты қаншама адамның өмірін жалмап жатыр. Анаңа обал болды, қапыда күйеуімен қызынан айырылу айтуға қиын тіпті. Сабыр берсін. Ақ Микошым бақұл бол қызым. Пейіштің сахнасы бұйырсын. Жарқын бейнең жадымда. Мейірім десе мейірім едің... Әкесінің ақ қызы Әкең екуіңнің жатқан жерлерің жұмсақ болсын алтын қызым. Әттең..." – деп жазды Бақыт Тушаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар