Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

18 жастағы қазақ баласы Еуропаның алпауыт клубтарын таңғалдырды

10:45, 08 қазан 2025 96

Алматылық "Қайрат" командасының 18 жастағы шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа Англияның Чемпионшип лигасында көш бастап тұрған "Ковентри Сити" клубы назар аударды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ағылшын клубының скауттары мен бас бапкері – Англия құрамасының бұрынғы жұлдыз ойыншысы Фрэнк Лэмпард жас қазақстандықтың ойынын УЕФА жастар лигасында "Спортингке" қарсы өткен матчта (2:3) бақылаған. Сол кездесуде Азамат Тұяқбаев дубль жасап, өз шеберлігімен және жоғары техникасымен мамандардың ерекше назарын аудартқан.

Жас футболшы жақында Қазақстан Премьер-лигасында өткен "Қайрат" – "Жетісу" кездесуінде (5:0) негізгі құрам сапында алғашқы голын соғып, әлеуеті зор ойыншы екенін тағы дәлелдеді.

Айта кетсек, "Ковентри Сити" қазіргі таңда Англияның екінші дивизионында 19 ұпаймен көш бастап келеді. Ал команданың шабуылшылары Хаджи Райт пен Брэндон Томас-Асанте маусымның үздік үш бомбардирі қатарына енген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар