Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Аймағамбетов ұстаздар асыға күткен тағы бір қуанышты жаңалықты бөлісті

15:30, 07 қазан 2025 394

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім саласына қатысты тағы бір қуанышты жаңалығын жария етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Керемет жаңалықпен бөліскім келеді.

Бүгін TALIS 2024 атты ең ірі халықаралық зерттеудің нәтижелері жарияланды.

Бұл нәтижелер- Қазақстанда мұғалімге деген көзқарастың шын мәнінде өзгеріп келе жатқанының ғылыми әрі өмірлік дәлелі.

Сол кезде біз айтқанбыз: бұл заңның әсері бірден байқалмайды, оған уақыт қажет.

Енді міне, сол уақыт келді - заң өз тиімділігін дәлелдеді. Алдағы жылдары бұл әсер одан да айқын болады деп сенемін. 

TALIS 2024 зерттеуі не көрсетті:

Мұғалімдердің жүктемесі бұрын-соңды болмаған деңгейде азайды.
2018 жылмен салыстырғанда қазақстандық педагогтердің жұмыс аптасы 14 сағатқа қысқарып, орта есеппен 36 сағатты құрайды.

Бұл - қатысушы елдер арасындағы ең елеулі жетістіктердің бірі.

Педагогтер әкімшілік жұмыстарға аз, ал оқыту мен ата-анамен байланысқа көбірек уақыт бөле бастады.

Мектепке жұмысқа орналасқан магистрлердің үлесі үш есеге артты;

71% мұғалім өз жұмыс жағдайына қанағаттанатынын айтты (2018 жылы - 51%), бұл ОЭСР орта көрсеткішінен (68%) жоғары;

 80% мұғалім егер қайта таңдау мүмкіндігі болса, осы мамандықты қайта таңдаған болар еді (2018 жылы - 67%);

Жалақысына қанағаттанған педагогтердің үлесі екі есеге жуық өсті - 39%-дан 71%-ға дейін.

82% педагог өз еңбегі қоғамда бағаланады деп санайды;

73%- бұл туралы БАҚ-та оң пікір бар дейді;

58% - саясаткерлер арасында да құрмет артқанын атап өтті.

Ең қуаныштысы — жас мамандардың көзқарасы: олардың 78%-ы педагогикалық қызметті саналы түрде өмірлік басымдық деп атаған.

Бір кезде біз «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлегенде, TALIS 2018 деректеріне де сүйенген едік. Енді TALIS 2024 біздің бағытымыз дұрыс болғанын көрсетіп отыр. 

Сапалы талдау жүргізген А. Байтұрсынұлы атындағы орталығына алғыс айтамын”,- деп жазды депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар