Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дүниедегі оңбаған мен шығармын": Бағлан Әбдірайымов ешкім естімеген өкінішін айтты (ВИДЕО)

10:04, 08 қазан 2025 140

Танымал әнші, "Жігіттер" тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов ұзақ жыл сахнада жүрсе де, ата-анасына лайықты жағдай жасай алмағанына өкініш білдірді, деп Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші бұл туралы жақында берген сұхбатында шынайы әрі ашық айтты.

"Дүниедегі оңбаған мен шығармын. Сахнада жүргеніме көп жыл болды. Бірақ сол жылдар ішінде ата-анамның алдында өзімді толық ақтай алмадым. Кейде тым кеш ойланып қалатыным бар. Жақсылықты дер кезінде жасау керек екен", – деді Бағлан.

Оның бұл сөзі желі қолданушылары арасында үлкен қолдау тапты.

Бұл шынайы мойындау желі қолданушыларының қолдауына ие болды. Көпшілік оны "ер адамға тән батылдық" деп бағалап, "Есеп бере білу – үлкен ерлік", "Шынайылық үшін құрмет", – деген пікірлер қалдырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар