Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Барлық күш-жігерімді жұмсауға ант беремін”. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қызметіне кірісті

11:48, 07 қазан 2025 43

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі болып тағайындалған Жұлдыз Сүлейменова салтанатты түрде ант берді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет құрамына енген жаңа министр ел алдында адал қызмет етуге, Конституция мен заңдарды қатаң сақтауға, азаматтық және ұлтаралық татулық қағидаттарын ұстануға ант етті.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отанымның экономикалық және рухани дамуына барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға ант етемін», — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Осылайша ол ресми түрде өз қызметіне кірісті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар