Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында ұстаздарға қатысты жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Үміт пен қызығушылықпен TALIS 2025 нәтижесін күтіп отырмын.
Ертең OECD әлемнің түкпір-түкпіріндегі ұстаздардың дауысына құлақ түріп, олардың кәсіби өмірін, көңіл-күйі мен үмітін бейнелейтінең ірі халықаралық зерттеу- TALIS 2025 нәтижелерін жариялайды.
55 елдің 280 мыңнан астам мұғалімі өз қуанышы мен қиындықтарын, жасанды интеллекттің ықпалын және мектептегі өзгерістерді шынайы баяндады.
Біз үшін бұл есеп жай ғана статистика емес, уақыт сынындағы бір ерекше сәт.
Өйткені ол 2019–2022 жылдары қабылданған шешімдердің шын өмірде, сынып ішінде, тақтаның алдында тұрған мұғалім көзімен қаншалықты ақталғанын көрсетеді.
Бір кезде біз TALIS 2018 деректеріне де сүйеніп, «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеген едік.
Бұл жолғы TALIS 2025 динамика шын мәнінде әсерлі болады деп сенемін”,- деп жазды депутат.