Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дариға өз өмірін талқылауға міндетті емес": Актриса экс-күйеуінің үстінен арыз түсірді

11:21, 08 қазан 2025 159

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

"Адамның жеке өмірі мен жеке шекарасын құрметтеуді үйренетін уақыт жетті! Дариға барынша сабырлық пен түсіністік танытып келді. Бірақ отбасылық құпияны жария ету, жеке хат алмасулар мен аудио-видеожазбаларды көпшілікке таратамын деп мәлімдеу – бұл адамның ар-намысына тиіп қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін әрекет! Мұндай әрекет – бопсалау мен қысым көрсетудің айқын көрінісі.

Бүгін біз Дарханның үстінен ресми түрде арыз түсірдік. Бұл шешімге баруға мәжбүр болдық, себебі заңсыздыққа үнсіз қарау – әділетсіздікке жол беру деген сөз. Енді бәрі заң аясында, құқықтық алаңда шешіледі деп сенеміз. Дариға әлеуметтік желіде өз өмірін талқылауға міндетті емес. Жеке өмір – адамның ең қасиетті кеңістігі, оған қол сұғу – адам құқығын бұзу!

Құрметті Бас прокурор Берік Асылов мырза! Сұрақ: Қылмыстық кодекстің 147-бабы ("Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу") біздің елде қашан нақты жұмыс істейді? Адам өзінің жеке өмірін, отбасылық құпиясын қорғау үшін не істеуі керек? Ал заң бар, бірақ оны қолдануға құлықсыз немесе бейқам қызметкерлерге қандай шара қолдануға болады?

Заң бәріне ортақ. Оны орындау – қоғам алдындағы азаматтық және адамдық міндет! Біз әділдіктің орнауына сенеміз!" – деп жазды Айгүл Орынбек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар