Белгілі спортшы Қуат Хамитов жаңа жобаны қолға алып жатқанын хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Иә, бұл – рас: келесі жылы көктемде мен алғашқы фильмімді түсіруді жоспарлап отырмын.
Сценарийді өзім жаздым, актерлерді жеке таңдаймын және жобаны толығымен өзім қаржыландырамын. Бұл фильм мен үшін жай ғана дебют емес, оның Қазақстан кинематографиясында жаңа тыныс болғанын қалаймын.
Қыздар, егер мен сендерге жазған болсам, демек мен сендерді рөлге қарастырып жүргенім», – деді Қуат Хамитов.