Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарағандыда екі полиция қызметкері азаптау үшін сотталды

12:03, 26 желтоқсан 2024 242

Қарағанды облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы куәгерді азаптау бойынша полиция қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды ALASH.kz сайты.

Азаматтың тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылғаны анықталды. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген.

Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танып, жазаларын Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеумен  3 жылға бас бостандықтарынан айырды. Сотталғандар «полиция капитаны» арнайы шенінен айырылды. Оларға Жәбірленушлердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды.

Қарағанды облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар