«Назарбаевтың інісін «Қазақстан салафиттерінің көшбасшысы» деп атаған. Түрмеде Қайрат Сатыбалды отырған камераға тағы екі тұтқынды орналастырған. Олардың басты тапсырмасы – Қайрат Сатыбалдыға физикалық қысым көрсету, моральдық тұрғыдан «сындыру». Осындай әрекеттер арқылы Қайрат Сатыбалдының менмендігі мен тәкаппарлығын басу көзделген.

Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдаған едік. Комитет төрағасы С.МӘДИЕВТЕН төмендегідей жауап келді:

«Сотталған Қ. Сатыбалды жазасын Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде өтейді. Басқа сотталғандармен қатар мекеме отрядтарының бірінде ұсталады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтары мен міндеттері бар.
Мекеме әкімшілігіне және жоғары тұрған органдарға басқа сотталғандардың атына шағымдар мен өтініштер жүгінген жоқ.
Ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес Қ.Сатыбалды басқа қамауға алынғандармен жасақта ұсталады, Қ. Сатыбалдыға қатысты сотталғандар тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер тіркелмеген.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде әрбір отрядта қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған тамақ ішуге арналған бөлмелер көзделген. Сонымен қатар, теледидар көруге арналған бөлмелер бар, оларды пайдалану мекеменің ішкі тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Төраға орынбасарының айтуынша, Қ.Сатыбалдыға ешкім қысым жасамаған. Сондай-ақ Қ.Сатыбалды түрмеде жұмыс істеп, жалақы алуына болады.