Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жаңа оқу жылында өзгеріс енгізіледі”: Еліміздің бас педагогы ұстаздарды қуантатын жаңалығын бөлісті

14:57, 17 наурыз 2026

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздар асыға күткен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап ұстаздарды аттестаттау кезінде авторлық бағдарламаларды міндетті түрде әзірлеу талабы алынып тасталады.

“Мен қаншама ұстаздармен кездестім. Аттестаттаудан өткен кезде авторлық бағдарламаның қажет емес екендігін олар астын сызып тұрып айтып жатыр. Сондықтан біздің Оқу-ағарту министрлігінің позициясы нақты. Біз аттестаттаудан авторлық бағдарламаны алып тастайтын боламыз.

Жаңа оқу жылында аттестаттау ережесіне өзгеріс енгізіледі. Ұстаздар авторлық бағдарлама жасамайтын болады”,- деп мәлімдеді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар