Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шымкенттен табылды”: Астанада із-түссіз жоғалып кеткен 15 жастағы бала аман-есен табылды

16:51, 16 наурыз 2026

Астана қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы бала аман-есен табылды, деп жазады Alash.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Қамбар Мәлібек Шымкенттен табылды.

«16 наурыз күні жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із-түссіз жоғалған жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, туыстарына тапсырылды», – делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада жоғалып кеткен 15 жастағы баланың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар