Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Үйінен шығып, қайтып оралмаған”. Астанада жоғалып кеткен 15 жастағы бала іздестірілуде

14:32, 16 наурыз 2026

Астанада жоғалып кеткен 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бахтиярұлын іздестіріліп жатыр, деп жазады Alash.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бала кеше 15 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Ішкі істер министрлігі 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бахтиярұлын іздеп жатыр. Жасөспірім 15 наурыз күні Астана қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның бойы 160-165 см, орта денелі. Жоғалған күні қара күртеше, қара шалбар, қара аяқ киім киген», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат білетіндерді 8-775-817-16-32, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе “102” арнасына шұғыл хабарлауын сұрайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар