Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Сүйінші! Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа @gbg.kz құрылыс компаниясы басшылығы Астанадан 2 бөлмелі пәтер сыйға бермек.
Естеріңізде болса, @khamitovyg тағдыры жайлы тура осыдан бір жыл бұрын пост салған едім. Қысқасы, шектеу тек біздің мида ғана!
Ербол бұйырса 16-нан 17-не қараған түні елге қонады. Астананың халықаралық әуежайына келем деушілер болса, мархабат!,- деп жазды депутат.