15 наурыз күні Алматыда әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деген күдікпен тағы да ұсталды, деп жазады Alash.kz.
Полицияның хабарлауынша, оқиғадан кейін ерлі-зайыптылар бөлімшеге жеткізілген.
«Тексеру барысында әйел бастапқыда өзіне физикалық күш қолданылғанын айтқан, алайда кейіннен соққы болғанын жоққа шығарып, отбасылық жанжал фактісі бойынша арыз жазды. Қарау нәтижесінде ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін де әнші бірнеше рет әйелін ұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамалған.