Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресми: Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

18:07, 16 наурыз 2026

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды, деп жазады Alash.kz.

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Әйелдер теннис қауымдастығының (Women’s Tennis Association - WTA) жаңартылған әлемдік рейтингінде жоғарылады.

QazsportTV хабарлауынша, бұл нәтиже Indian Wells Open (АҚШ) турниріндегі сәтті өнерінің арқасында мүмкін болды. Аталған WTA 1000 санатындағы жарыста Рыбакина финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоге (Беларусь) жол берді.

Қазіргі уақытта Елена Рыбакинаның еншісінде 7783 ұпай бар. Ал Арина Соболенко 11025 ұпаймен көш бастап тұр. Үшінші орында тұрған Ига Швёнтектің қоржынында 7413 ұпай бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар