Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өз қолынан қаза табатынын кім білсін…”: Атыраудағы қанды қылмыс жайлы сұмдық дерек шықты

15:28, 16 наурыз 2026

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған қанды қылмысқа қатысты жаңа мәліметтер жария болды, деп жазады Alash.kz. 

Журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында оқиғаның мән-жайын бөлісті. 

Оның айтуынша, марқұмдардың туыстары күдікке ілінген күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиев осындай ауыр қылмыс жасайды деп күтпеген.

"Жангелдинде жүргенімде ағайындардың бірі: "Мақсот ағам қыз-күйеу балам қонаққа келеді деп, көршіге мал сойғызып, дайындалып отырған" деп айтты. Құшақ жайып қарсы алған күйеуінің кейін осындай қатыгездікке баратынын, өз қолынан қаза табатынын қайдан білсін, қайран әке", – деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар