Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президенттік жастар кадрлық резерві –  мемлекеттік қызметтің баспалдағы

14 маусым 2023 100
Қазақстан Президентінің бастамасымен 2019 жылдан бастап президенттік жастар кадрлық резервін құру туралы шешім қабылданды. Қолға алынған жұмыстың нәтижесі де жаман емес. Кадрлық резерв – мемлекеттегі жастар саясатының ажырамас бір тармағы болды.



Бұл жоба Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін, өзін көрсететін бірегей жоба екенін айта кетейік. Жоба білімді әрі білікті жастар үшін өте тиімді болмақшы. Өйткені мемлекеттік басқару мен квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға жастарға мүмкіндік ашады. Яғни, бұл мемлекеттік қызметтің баспалдағы. Әдетте әкімшілік қызметтерде немесе саяси лауазымдарға бос орындар бола қалған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде кезекте тұрған жастардың кандидатуралары бірінші қаралады.

Жоба басталған 2019 жылы Президенттік жастар кадр резерві негізінде 300 жас азамат іріктеп алынған болатын. Сөйтіп, оның 186-сы әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік лауазымдар бойынша қызметке тағайындалды. Нәтижелі болды деуіміздің мәні сол.

Ал биыл резервте тұрған қанша адам қызметке тұрды? 2023 жылдың мәліметі бойынша, резервке енген 350 жас маманның 262-сі мемлекеттік органдарда, әрі квазимемлекеттік

ұйымдарда әртүрлі лауазымдарға қызметке тұрған. Оның

ішінде орталық мемлекеттік органдарға 131 жас, жергілікті

атқарушы органдарға 41 резервші, ұлттық компанияларға 54 жас маман, өзге салаларға 36 жас жұмысқа тұрды. Қалған 28 жас саяси қызметке барса, сегіз резервші мемқызметтің «А» корпусының лауазымдарына тағайындалған. Араларында облыстық мәслихаттың депутаттары да бар.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында кадрлық резервтің жастар үшін өте тиімді, әрі оңтайлы әлеуметтік лифтке айналуы керектігін атап өткен-ді. Қазір цифрландыру кезеңі. Осындай кезеңде резервтегі жастарзы іріктеу үшін арнайы pkrezerv.kz онлайн платформасы да іске қосылды. Конкурсқа елдің ішіндегі және шетелде тұратын барлық Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сарапшылардың айтуынша, үміткерлер pkrezerv.kz онлайн-платформасы арқылы тең дәрежеде іріктеуден өте алады.

Мемлекеттік қызметке іріктеу департаментінің директоры Жандос Сәрсеннің айтуынша, резервке жоғары білімді, кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар, жасы 35 жастан аспаған азаматтар қатыса алады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар, сотты болған азаматтар бұл жобаға қатыса алмайды.

Бүгінде президенттік кадрлік резерв арқылы кімдер қызметке тұрды деген сұрақ жиі қойылады. Жандос Сәрсеннің айтуынша, 2019 жылы резервке қабылданған үміткерлер лауазымды қызметтерге орналасып, жұмыс жасай бастаған. Ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары да осы резервтен шыға алады. Ал 2023 жылғы дерек 2019 жылғыдан артық екенін нақты сандармен келтірдік.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?