Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қылмысқа өзге де тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде”: Атыраудағы іске қатысы бар күдікті туралы тың дерек шықты

11:20, 27 қаңтар 2026

Атыраудағы трагедияға басты күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемәлиев жайлы жаңа дерек шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Атырау облысы полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет Kursiv Media YouTube-арнасына берген сұхбатында Жангелді ауылында ерлі-зайыптының өліміне күдікті деп танылған отбасының күйеу баласы Сұлтан Сарсемәлиевке неге іздеу  жарияланғанын түсіндірді.

“Бұл - әрине тергеудің шешімі. Бір адамды қылмысқа күдікті деп тану - ол тек қана полицияның әрекеті емес. Біз оның күдікті екенін прокуратураға, одан кейін санкция беруі үшін сотқа дәлелдейміз. Яғни полицияның бұлтартпас дәлелдері бар. 

Полицияның ресми растаған бағыты - бұл азаматтар Атыраудан Шымкент қаласына, Шымкент қаласынан Өзбекстанға өткен. Одан кейін халықаралық іздеуге жарияланды. Қазір халықаралық іздеумен айналысатын құзырлы органдар бұл жұмысты жалғастыруда. Бұл қылмысқа өзге де тұлғалардың қатыстылығы әлі де тексерілуде. Тергеу мүддесіне сәйкес бұл әрекеттер жарияланбайды. Өйткені ол күдіктілердің қайда екенін, қалай екенін анықтау, тексеру ары қарай тергеу мүддесінде”,- деді Мейірім Ердәулет.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар