Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Даулы мәселе көп! Бас тартпаймыз”: Зеленский шұғыл мәлімдеме жасады

23:35, 26 қаңтар 2026

Украина президенті Владимир Зеленский Киев ешбір жағдайда өз жерінен бас тартпайтынын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерде даулы мәселелер өте көп, алайда Киев ешбір жағдайда территориясына қатысты талаптарынан бас тартпайды», — деді Украина басшысы.

Ол сондай-ақ келіссөзге қатысушы барлық тараптардың, соның ішінде АҚШ-тың да, ымыраға келуі қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар Зеленский Украина АҚШ пен Еуропадан қауіпсіздік кепілдіктерін күтетінін айтты. Оның сөзінше, дәл осы кепілдіктер соғыстың аяқталу мерзімін нақтылауға мүмкіндік береді.

«Біз үшін қауіпсіздік кепілдіктері ең алдымен – Америка Құрама Штаттарымен екіжақты қауіпсіздік кепілдіктері. Құжат 100% дайын. Енді серіктестерімізден оны қашан және қай жерде қол қоюға дайын екендерін –нақты күн мен орынды күтудеміз», – деп мәлімдеді Зеленский.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар