Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан әуе компанияларына Иран үстінен ұшуға тыйым салынды

09:17, 27 қаңтар 2026

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) отандық әуе компанияларға Иранның үстінен ұшуға тыйым салды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

ҚАӘ хабарлауынша, мұндай шешім Иран үстіндегі әуе кеңістігінде қауіпсіздікке төнетін қатерлердің күшеюіне байланысты қабылданып отыр.

"Иран аумағының үстінен ұшу қауіпсіздікке төнетін қауіптерлерді арттыруына байланысты ҚАӘ қазақстандық әуе компанияларға Иранның әуе кеңістігінің үстінен әрі оның шегінде рейстер орындауға тыйым салады. Тек ерекше өкім шығарылған болмаса. Барлық рейстер қауіпті аймақты айналып өтетін балама бағыттар арқылы жүзеге асырылады. Жағдай Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тұрақты бақылауында. Аймақтағы ахуал өзгерген жағдайда қосымша шаралар қабылданады”, – делінген ресми хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар