Тараздағы қамқоршылық үйіне барған белгілі журналист Руслан Өтепбай жаға ұстатарлық жаңалықпен бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Бәрі белгілі болды. Қиналып жүрген тек Құндыз бен Назгүл ғана емес екен. Желтоқсан айының 29-ы күні Зүлфия Төленованың үстінен ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар – асыранды балалары. Балалардың айтуынша, Зүлфия Төленова ішімдік ішіп алып, олардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтерген. Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауапқа тартылады. Бұл істі Жамбыл облысының Полиция департаменті соңына дейін жеткізеді деп сенім білдіреміз», – деп жазды ол.